Маңғыстауда әкімдік маңында ер адам өзін өртеп жіберді

0
244

Өртті полиция мен әкімдік қызметкерлері сөндірді.


Маңғыстауда әкімдік маңында ер адам өзін өртеп жіберді

Сурет: primeminister.kz

ERNUR.KZ. 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді. Ер адам облыс әкімінің қабылдауын талап етіп келген, бірақ дегеніне жете алмаған, деп жазды zakon.kz.
"Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады", - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ер адамды Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдады, бірақ оның бұған көңілі толмай, ер адам жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.

Маңғыстауда әкімдік маңында ер адам өзін өртеп жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 18:11

Сурет: lada.kz

Өртті полиция мен әкімдік қызметкерлері сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Маңғыстау облыстық полициясы бұл фактіге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.