Жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына мамандар барып, қоршаған орта жағдайын бағалау және мүмкін залалды анықтау үшін, сынамалар алған.
— 29 қыркүйек күні сағат 15:50 Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында, 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды. Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Маңғыстау облыстық Экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытты қосымша хабарланады, — делінген хабарламада.
Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, қапталға аударылған. Зардап шеккендер жоқ.