Түсірілім жұмыстары басқа елдерде де жүргізілді.
фото: https://www.instagram.com/ayyola.music/
ERNUR.KZ. Этникалық мотивтер мен заманауи электронды музыканы үйлестіру арқылы танымал болған башқұрт триосы "AyYola" Маңғыстауда түсірілген "Yola" әніне бейнеклип шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Түсірілім басқа елдерде де, атап айтқанда Өзбекстанда, Сахада және Башқұртстанда жүргізілді. Бұл әртүрлі пейзаждар мен этникалық мотивтерді біріктіретін видео жасауға мүмкіндік берді.
Топ мүшелерінің айтуынша, бейнебаян 13 маусымда ресми түрде шығады. Топ Маңғыстаудың табиғи сұлулығының башқұрт фольклорына жақындығын баса көрсетуді көздеп отыр.
"Yola" әнінің сюжеті "Орал батыр" дастанындағы Ұмайдың мифологиялық тұлғасы – аққу тәңірі, білім қорғаушысы және нұр символы төңірегінде құрылған. Топ табиғат көрінісін көне эпос атмосферасына үйлесімді біріктіре отырып, бейнеқатар арқылы осы мәдени сабақтастықты атап көрсетуге ұмтылады.