Маңғыстауда екі адамды өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

0
656

Ол екі адамды өлтіруге және кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталды деген күдікке ілінді.


Маңғыстауда екі адамды өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында көршілерін өлтіруге және зорлауға оқталған күдікті ұсталды, деп жазады stan.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, мас күйінде болған қылмыскер құрбан еткендер – оған көрші тұратын 23 жастағы жігіт пен оның қарындасы.

Қарақия ауданы, Жетібай ауылының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол екі адамды өлтіруге және кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталды деген күдікке ілінді.

"Ер адам мас болған. Оның құрбандары көршілері – жас жігіт пен оның қарындасы. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адам 10 миллион теңгеге әйелінің туысын өлтіруге тапсырыс бергені туралы жазған едік.