Маңғыстауда газ ұңғымасынан шыққан апат зардабы толық жойылды

0
171

Апаттың нақты себебі әлі де анықталып жатыр.


Маңғыстауда газ ұңғымасынан шыққан апат зардабы толық жойылды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, оқиға орнында жедел штаб құрылып, онда апат зардабын жою бойынша жұмыс жоспары жасалған, деп жазады inbusiness.kz.


Бұл жұмыстарға Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары және "Ақберен", "Оңтүстік мұнай сервис", Nobilis Corp және Varro Operating Group компанияларының мамандары тартылған.

"Оқиға орнында жедел штаб құрылып, онда апатты жою бойынша жұмыс жоспары жасалды. Ауаны газ аналитикалық аппаратурамен өлшей отырып, ұңғыма сағасының жай-күйі зерттелді. Келген қызметкерлер мен мамандар құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы жабу жұмыстарын жүргізді. Крест превенторын бөлшектеп, ағып кетуді болдырмау және тығыздауды қамтамасыз ету үшін ұңғыманың кіреберісіне жаңа қорғаныс элементін орнатты. Сондай-ақ ұңғымадан 60 м қашықтықта өрт шыққан жағдайда су жинау үшін траншеяны қазу жұмыстары жүргізілді", — делінген хабарламада.

Ведомство атап өткендей, зардап шеккендер жоқ. Апаттың нақты себебі әлі де анықталып жатыр.