Маңғыстауда итбалықтар алты адамды тістеп алған

0
908

Соңғы санаулы күннің ішінде Маңғыстау облысында итбалықтың адамды тістеген алты дерегі тіркелді.


Маңғыстауда итбалықтар алты адамды тістеп алған

ERNUR.KZ. Тұпқараған ауданының бес тұрғынына 8 маусым күні кешқұрым суға шомылып жүргенде итбалықтар шабуыл жасаған, деп жазады inbusiness.kz.

Жандәрмен судан шыға қашқан адамдар дереу жедел жәрдем шақырады, олардың үшеуі – ойын баласы. Ең үлкені жиырма, кішісі алты жаста ғана.


«Дәрігерлер су жануары олардың иығынан, қолына тістеп алғанын анықтады. Бәрінің жарасын емдеп, құтыруға қарсы екпе салғаннан кейін үйлеріне жібердік, ауруханаға жатқызуға қажеттілік болған жоқ», деп хабарлайды Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бейбіт жануарлардың адамға аяқ астынан неге шабуылдап кеткені түсініксіз.

«Ақтауда осыдан жиырма шақты жыл бұрын осындай бір оқиға болды, бірақ, оның нақты себебі болған. Меніңше, итбалықтар балықтарды аулау үшін жағаға жақындап келген болуы мүмкін. Ол жерде көп кісі шомылып жүргесін, тамақтана алмай, ызаланған болар деген болжам бар, дейді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.

Алайда, итбалықтардың не себепті судан жағалауға шығып кетіп, шомылушыларды қуғанын ешкім түсіндіріп бере алар емес. Әзірге облыс дәрігерлері адамдарды суға түскенде сақтық шараларын сақтауға шақырып отыр.