Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды

0
131

Сот үкіміне сәйкес, Кезбаевқа 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық лауазымдар атқаруға тыйым салынды.


Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның мердігері «Кезби» ЖШС директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады baq.kz.

Сот үкіміне сәйкес, Кезбаевқа 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық лауазымдар атқаруға тыйым салынды. Оған қоса «ӨзенМұнайГаз» компаниясының пайдасына 321 миллион теңге өндіру туралы шешім шықты. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге салық төлеу міндеттелді.

Еске салсақ, бұған дейін Кезбаевқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жолданғаны хабарланған болатын.