Маңғыстауда көліктің жарылғаны видеоға түсіп қалды

0
574

Оқиға Бейнеу ауылындағы жолда болған.


Маңғыстауда көліктің жарылғаны видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Желіде Маңғыстау облысында көлік жарылған видео тарады. Оқиғаның егжей-тегжейін облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға Бейнеу ауылындағы жолда болған. Көліктің жарылған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, кейін Желіде тараған.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 1993 жылғы Audi автокөлігінің тұтанғаны туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне 13 қазан сағат 14:38-де түскен.

"Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт 14:58-де сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен алты адам жұмылдырылды", - деп хабарлады министрлік.