Өңірде желдің секундына 17-22 метрге дейін күшейетіні туралы ескерту жариялаған болатын.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында құмды дауыл тұрды. Қолайсыз ауа райында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Бір күн бұрын төтенше жағдайлар департаменті өңірде желдің секундына 17-22 метрге дейін күшейетіні туралы ескерту жариялаған болатын.
Айта кетейік, дауыл соғатыны туралы ескерту 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлда жарияланған еді. Болжам бойынша, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғатыны айтылған.
Сондай-ақ, тұман және жел салдарынан Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарында ескерту жарияланды.