Асхана қызметкерлері жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектебінің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында балалар жаппай тамақтан улануына қатысты мектеп асханасының қызметкерлері сотталды, деп жазады tengrinews.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, асхана қызметкерлері жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының № 8 орта мектебінің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.
"Бұл жағдай мектеп оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеріс кезінде анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Мұнайлы ауданы сотының үкімімен мектеп асханасының 4 жұмысшысына айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Сот үкімдері заңды күшіне енді.
Еске салайық, 2024 жылы қыркүйекте Маңғыстау мектептерінің бірінде оқушылар жаппай уланып қалды. Оқиға №8 мектепте болған. Кейінірек денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстау облысында оқушылар жаппай улануына қатысты пікір білдірді.