Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген Дамир Досов 13 жылға сотталды

0
149

​Ол марқұмның анасына 20 млн теңге моральдық шығын өтейді.


Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген Дамир Досов 13 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында сарбаз Марат Барқұловты өлтірді деп айыпталған әскери қызметші Дамир Досовқа қатысты үкім шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жарыссөзде прокурор Қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-тармағына (кісі өлтіру) сәйкес, Дамир Досовты 13 жылға соттауды сұраған еді. Судья іс бойынша шешім шығарды.

«Дамир Досов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ол 13 жылға сотталсын. Сондай-ақ «лейтенант» шенінен айырылсын. Досовтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге өндірілсін»,- деді судья Тамара Королевская.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Судья сараптамалардың бәрі қаралып, куәгерлердің жауабы бойынша осындай шешім қабылданғанын айтты