Маңғыстауда шенеунік 8 жылдан кейін бұрынғы қызметіне тағайындалды

0
549

Ол Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.


Маңғыстауда шенеунік 8 жылдан кейін бұрынғы қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Қарасай Абыханов Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.

Ол бұл қызметті сегіз жыл бұрын атқарған еді.

Қарасай Абыханов 1981 жылы 31 қазанда Жаңаөзенде дүниеге келген. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Батыр ауылдық округінің әкімі болған.

2022 жылы қайта Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалып отыр.