Маңғыстауда уланып қалған 98 оқушы үйіне шығарылды

0
250

Зардап шеккендердің 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.


Маңғыстауда уланып қалған 98 оқушы үйіне шығарылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында инфекциядан зардап шеккен 98 баланың барлығы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде стационарлық ем алды. Оқушылар үйлеріне шығарылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға алынды, деп жазады stan.kz.

Денсаулық министрлігінің мәліметіне сенсек, 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданының "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 466 оқушысы дене қызуының көтерілуі, іштің өтуі, құсу, әлсіздік сияқты белгілері бар облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген.

Зардап шеккендердің 98-і емдеуге жатқызылды, оның ішінде екі бала қарқынды терапия бөлімшесінде емделді.

Уақтылы және білікті медициналық көмек пен барлық жауапты органдарды нақты үйлестірудің арқасында Маңғыстаудағы жағдай толығымен тұрақтандырылды және балалардың денсаулық жағдайына алаңдаудың қажеті жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғанын жаздық. Деректерге сенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шеккен. Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, жергілікті ауруханаға барған кезде ол жақта кезекте 50-ден астам бала болған. Көрші Маңғыстау ауылының медициналық мекемесі 35-40 оқушыны бақылап, кейбір зардап шеккендерді Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына жіберген.