Видеодан оқиғаның далада болғанын байқауға болады.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының тұрғындары бәйге кезінде жаппай төбелесті. Оқиға видеоға түсірілді, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео Lada.kz порталының Youtube каналында жарияланды. Видеодан оқиғаның далада болғанын байқауға болады. Ондаған адам төбелескен. Тұраққа қойылған көліктер арасында полицейлердің автокөлігі тұр. Көптеген адам осы жағдайды қарап тұр, оның көбісі - балалар.
Маңғыстау облысық полиция департаментнің өкілдері осы оқиғаның 12 қазанда түстен кейін болғанын айтады.
"Маңғыстау ауданының ипподромында жаппай төбелес болды. Осы дерек бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер.