Маңғыстауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

0
200

Барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.


Маңғыстауда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Құрық ауылында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Куәгерлер бұл жанжалды видеоға түсіріп алған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, жаппай төбелеске ондаған адам қатысқан. Қарсыластар бір-біріне таяқ және тас лақтырған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ата-аналар да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады департамент.

Ведомство мәліметінше, барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.