Маңғыстауда жол апатынан 10 адам қаза тапты

0
115

​Жол апаты 11 қыркүйекте Бекет ата – Шопан ата тасжолында, Сенек ауылынан шамамен 90 шақырым жерде болған.


Маңғыстауда жол апатынан 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол апаты болды. Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апаты 11 қыркүйекте Бекет ата – Шопан ата тасжолында, Сенек ауылынан шамамен 90 шақырым жерде болған. Жолаушыларға толы Toyota Hiace шағын автобусы жол жиегіне аударылып кеткен. Алдын ала нұсқа бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Оқиға салдарынан 10 адам қаза тапқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, апат болған жерден Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына үш жолаушы жеткізілген.

"1964 жылы туған ер адам мен 1967 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, олардың жағдайы ауыр. 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, қайғылы оқиғадан кейін ҚР ІІМ-де тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды.