Маңғыстауда жұт кезінде тіркеуге алынбаған малға субсидия төленбейді

0
525

Биыл өңірдегі қуаңшылықтан кейін шаруалар шығынға батып, мал басын аман алып қалу үлкен мәселеге айналған.


Маңғыстауда жұт кезінде тіркеуге алынбаған малға субсидия төленбейді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан кейін малдың жем-шөбі үшін бөлінген қаржының шаруаларға қалай берілетіні туралы айтылды, деп жазады exk.kz.

Биыл өңірдегі қуаңшылықтан кейін шаруалар шығынға батып, мал басын аман алып қалу үлкен мәселеге айналған. Осыдан кейін Үкімет резервінен Маңғыстау облысында аналық мал басы үшін жем-шөпке жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 2 миллиондай теңге бөлінген.

"Өңірдегі 971 шаруа қожалығы және 9 мыңдай үй жанындағы шаруашылықтағы мал иелерінің ЖСН мен төрт түлік жануарлардың сырға нөмірлерінің тізімі негізінде 459 031 ұрғашы малға қаржы қарастырылды. Арнайы құрылған комиссиясы тапсырылған актілер бойынша тізімнің ішінен 6 711 үй шаруашылығы мен 733 шаруа қожалықтарындағы 281 074 аналық мал басы үшін 1 248,5 миллион теңге қаражат төленді. Сонымен қатар, 540 шаруа қожалығы мен мен үй жанындағы шаруашылықтардың малдары ауыл шаруашылығы базасында болғанымен, тексеру нәтиежесінде төрт түлік малдардың жоқтығы анықталды", — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айсағали Нұғманов.

Оның сөзінше 10 тамыз бен 10 қазан күндері аралығында түскен өтініштерден кейін қосымша 70 мыңдай мал басы тіркеуге алынған. Алайда Үкімет резервінен бөлінген 2 миллион теңге биылғы маусым айының 12-не дейін тіркелген мал басы үшін ғана қарастырылған.

"Шаруалардың төрт түлік малын уақытында тіркемеу салдарынан облыс тарапынан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында "Жасыл дәліз-2" функциясы ашылды. Дегенмен бұл функциясы арқылы тіркелген мал басына субсидия төлеу заңға қайшы", — деп пікір білдірді Айсағали Нұғманов.