Өткен жексенбіде Жаңаөзендегі автокөлік иелері сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етіп митингке шықты. Ақтауда да осындай митинг өтті.
ERNUR.KZ. Ақтау мен Жаңаөзендегі наразылық акциясында ұсталғандар жоқ, деп жазады inbusiness.kz.
Өткен жексенбіде Жаңаөзендегі автокөлік иелері сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етіп митингке шықты. Ақтауда да осындай митинг өтті.
Наразылық білдірушілерге жергілікті билік органдарының өкілдері мәселелерді құқықтық жолмен, диалог түрінде шешуге шақырған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қалыптасқан жағдайды қарастыруды тапсырды.