Маңғыстаудағы жолбарыс «жұлдызға» айналды

0
1 027

​Сирек жануарлар бұл жаққа Түрікменстаннан келуі мүмкін.


Маңғыстаудағы жолбарыс «жұлдызға» айналды

ERNUR.KZ. Маңғыстаудағы Үстірт қорығында жолбарыстың сирек кездесетін түрі назарға іліккен. Бұл жолбарыс фотообъектив нысанасына соңғы кездері осымен бірнеше рет іліккен, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жөнінде Twitter парақшасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлайды.

Біздің елімізде аталған түр тек қана Үстірт қорығында кездеседі екен және қазіргі күні олардың тек 870-1,3 мың басы ғана қалыпты. Экологтардың болжамы бойынша, жыртқыш бұл жерге Түрікменстаннан келген болуы мүмкін. Себебі, ол жақта бұл популяция өсіп-өніп жатыр екен, ересек аңдар жастауларын қуған кезде олар Маңғыстаудың сайын даласына ауып келіп, тұрақтап қалуы ықтимал.

Аймақта адам мен барыстың кездесіп қалған оқиғасы жиі болмағанмен, кездесіп тұратын жағдай. 2015 жылы Жаңаөзеннің оңтүстік жағында браконьерлердің киікке құрған қақпанына жолбарыс түсіп қалған. «Дронт» экоорталығы жанындағы табиғатты қорғау орталығының үйлестірушісі Марк Пестов аңды адамдардың атып алғанын айтқанмен, жергілікті тұрғындар бұл шараға шопандардың жолбарыс айбат шегіп, шабуыл жасамақ болғасын амалсыз барғанын айтқан-ды.

Сирек жануардың көзге түсуі өңірдегі Бозжыра шатқалында салынуға тиіс қонақ үй кешеніне байланысты дауды тағы қозғап жіберді. Қазақстанның туристер үшін тартымды аймағының бірі – Маңғыстау облысына биыл 177 мыңнан астам турист келіп, туризм саласында 1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.