Әйелді күш көрсетемін деп қорқытқан.
ERNUR.KZ. Оралда маньяктың пайда болғаны жөнінде мессенджерлер арқылы аудиожазба таралып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 12 қаңтар күні шамамен сағат 09.00-де белгісіз біреу Вагонный тупик көшесі 1-үйде орналасқан "Урал Снаб" ЖШС ғимараты жанында 1979 жылғы Б. деген әйелді күш көрсетемін деп қорқытқан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 115-бабына сәйкес (қорқыту) тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде аталған күдіктіні анықтау және ұстау бағытында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыс аумағында басқа мұндай оқиға тіркелген жоқ.
"Маньяктың пайда болғаны жөнінде мессенджерлер арқылы таралып жатқан аудиожазба жалған" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, БҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сай, көрінеу жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.