27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Сенаттың жаңа депутаты сайланды, деп жазады ulysmedia.kz.
Парламент Сенаты депутаттығының бос қалған мандатын иелену үшін облыстық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен 7 кандидат құжат тапсырған:
- Мелехов Сергей Владимирович;
- Махиня Евгений Сергеевич;
- Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;
- Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы;
- Рафальский Анатолий Брониславович;
- Рахметова Әсем Қалашбайқызы;
- Қасенова Рауза Ивановна.
Алайда үміткерлердің екеуі ғана сайлауға түсті. Бірі өз еркімен кандидатурасын қайтарып алса, енді бірі тиісті құжаттарды толық ұсынбаған.
Таңдаушылар Әсем Рахметова мен Рауза Қасенова арасында таңдау жасады. Дауыс беруге СҚО-дағы мәслихаттардың 193 депутатының 180-і қатысты, 13 депутат белгілі себептермен қатыса алмады.
Нәтижесінде таңдау Әсем Рахметоваға түсіп, 180 дауыстың 134-ін иемденді. 6 депутат екі кандидатқа да қарсы болса, 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған «анафилаксиялық шок» алдын ала диагнозы қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін айтты.
Жуырда Астана полициясы сенатордың өліміне қатысты тергеу тоқтағанын мәлім етті.