«Массаж жасаймын» деп ауру жиенін зорлаған

0
1 149

Қыздың денсаулығының қалыпты болуы үшін қажетті емдік массаждарды жасаған. Негізінен қыздың ата-анасы осылай әрекет етті деп ойлаған. Дегенмен, бәрі басқаша болып шыққан.


«Массаж жасаймын» деп ауру жиенін зорлаған

ERNUR.KZ. 53 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны церебральды сал ауруы диагнозымен ауыратын жиенін емдік массаж жасаймын деген сылтаумен бірнеше рет зорлаған, деп жазады Skifnews.kz.

Отбасының туысы қызға қарау жұмыстарымен айналысқан. Мәселен, қыздың денсаулығының қалыпты болуы үшін қажетті емдік массаждарды жасаған. Негізінен қыздың ата-анасы осылай әрекет етті деп ойлаған. Дегенмен, бәрі басқаша болып шыққан. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының facebook парақшасында жазылған.

“Бірде анасы үйге массаж жасайтын туысы келгені қызына ұнамайтынын аңғарып қалады. Содан кейін әлгі туыс ағасының іс-әрекетін бақылап, біртіндеп осы жайтты біле бастайды.Қыз бастапқыда бұл оқиға туралы тіс жарып ештеңе айтпаған. Бірақ, анасы зерттеп, сұрастыра келе, туысы қызын екі жылдан бері бірнеше рет зорлағанын білген. Туысқандарына сурдоаудармашысының көмегімен қыздан қалай жауап алғанын, тергеу мен тексеру кезінде не және қалай түсіндіргенін және қалай көрсеткенін есту қандай қорқынышты.Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Қыз туыс ағасының әртүрлі бөлмелерде өзін қалай зорлағанын көрсеткен. Ол балалық жүрегімен туыс ағасын қалай жек көретінін көрсетті", - деп жазды жазба авторы.

Ал зорлау әрекетін жасаған адам болса, жәбірленуші қыздың өзін кінәлап, "Ол мені өзі азғырды" деп істен жалтаруға тырысты. Ақырында егде жастағы кісі оны бір рет зорлағанын мойындады.