М.Әуезов театры 94-маусымның шымылдығын ашты

0
1 547

Бұл маусымның басты жаңалығы – жаңа маусымның премьерамен ашылуы.


М.Әуезов театры 94-маусымның шымылдығын ашты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 94-ші маусымын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған ашылу рәсімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанованың аудармасындағы, Григорий В.Томскийдің «Аттила мен Аэций»қойылымы көрерменге жол тартты. Сонымен қатар, театр директоры Сәбит Әбдімүтәліұлы аталмыш «Аттила мен Аэций» спектаклі Италияда өтетін фестивальге қатысуға жолдама алғандығын жеткізді.

Айта кетейік, Аттила –Еділ қаған–батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж.), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Ал, бұл қойылымның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан. Одан бөлек, ашылу салтанатының жаңалығының бірі – театрдың мерекесін көрерменмен бірге тойлау үрдісін бастау болды.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясынан кейін театр ұжымы халқымыздың ұлы перзенті – Мұхтар Әуезовтің ескерткішіне гүл қойып, рухынатағзым етіп, 18.00-де көрермендер мен қонақтарға арнайы Театр музейінің қорында сақталған, Музей жетекшісі Наргиз Тамабекқызы 70-90 жылдар аралығындағы М. Әуезов театры тарихынан сыр шертетін эксклюзивті фото көрмесі ұйымдастырды.

Ал, салтанатты іс-шараның соңында көрермендер жаңа қойылымды тамашалап, театр мерекесінен жақсы көңіл-күймен тарқасты.