Вакцина коронавирустың "дельта" штамынан барынша қорғаныш болады дейді мамандар.
ERNUR.KZ. Келесі айда Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина – Pfizer препаратын жеткізу жоспарланып отыр. Оны 12 жастан асқан балаларға егуге болады, деп жазады sputnik.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі осы вакцинаны 12-17 жастағы балаларға салуды көздейді. Олардың жалпы саны 2 миллионға жуық.
Вакцина коронавирустың "дельта" штамынан барынша қорғаныш болады дейді мамандар.
Екпе тек ата-аналардың келісімімен ғана салынады.