Мәжіліс депутаттары бірлескен комиссияға ұсынылған тізімді қолдады.
фото:Sputnik / Болат Шайхинов
ERNUR.KZ. Мәжіліс парламент палаталарының бірлескен комиссиясына кіретін өз депутаттарын сайлап алды, деп жазады sputnik.kz.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына мәжіліс өкілдерін сайлау мәселесін қарады.
"Бірлескен комиссияның құрамына депутаттар Марат Башимов, Мұрат Ергешбаев, Снежана Имашева және Үнзила Шапақты енгізуді, сонымен қатар, депутат Имашеваны парламент мәжілісінің атынан бұл заң жобасы бойынша қосымша баяндамашы ретінде белгілеуді ұсынамыз", - деді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы, депутат Снежана Имашева.
Мәжіліс депутаттары бірлескен комиссияға ұсынылған тізімді қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.


