Мәжілісте 7 проценттік ипотека беру мәселесі көтерілді

0
329

Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады.


Мәжілісте 7 проценттік ипотека беру мәселесі көтерілді

ERNUR.KZ. Мәжілістің бір топ депутаты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен 7 проценттік ипотека беруді ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

Депутат Ерлан Стамбековтың айтуынша, зейнетақы қорының қаржысын тұрғын үй нарығына салса, үстінен түсетін табыс та көп болады. Бүгінде қордағы қаражаттың инвестициялық табысы 3-4 процентті құрап отыр. Ал 7 проценттік ипотекамен халыққа таратқан жағдайда 12-13 проценттік табыс түседі. Сонда ипотека алатын жастар болашақ зейнеткерлердің, яғни, өз ата-анасының ақшасын көбейтеді.
"Осы бастаманы Отбасы банкі арқылы іске асырған жөн. Оған шамамен 1 трлн теңге қажет болады. Ал мемлекет бюджет қаржысын құрылысқа салмай, проценттік мөлшерлемені субсидиялап отырса болды. Оған 50-60 млрд теңге кетеді", - дейді Стамбеков.
Оның айтуынша, 7 проценттік ипотекамен баспана кезегінде тұрған мыңдаған адамның тұрғын үй мәселесін шешуге болады.
Осы орайда бір топ депутат үкімет басшысына сауал жолдап, бұл мәселені тағы бір қарап шығуды талап етті.