Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті.
Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары алаяқтық жолмен рәсімделген кредиттерді есептен шығаруды ұсынды, деп жазады sputnik.kz.
Депутат Асхат Рақымжановтың айтуынша, бүгінде алаяқтардан зардап шеккен азаматтардың саны күн сайын өсіп келеді. eGov.kz арқылы кредит алуға шектеу қою қызметі де көмектеспей жатады. Алаяқтар бір адамға 20-40 миллион теңгенің кредитін іліп кетеді.
"Ондай қылмыстық схемаларға банк қызметкерлері де қатысуы мүмкін. Себебі әдетте табысы сай келмейтін адамдарға кредит бермей жатады. Бірақ бізге түсіп жатқан арыздарға қарағанда жағдай мүлдем басқаша болып тұр. Зейнеткердің атына да бірнеше кредитті заңсыз рәсімдеп жатады. Демек, бұл мәселені банктің өзінде реттемесе, ондай жағдайлар болмайтын еді", - дейді Рақымжанов.
Осы орайда депутат ЖСДП фракциясының онлайн кредиттерге толығымен тыйым салу бастамасын қолдайтынын да жеткізді.
Сондай-ақ, фракция депутаттары бас прокуратурадан заңсыз рәсімделген кредиттер бойынша банктерге қатысты тергеу бастауды талап етті.