Мәжит Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" басшысы қызметінен кетеді

0
674

Мәжит Шәріпов 4 шілдеде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" басшысы қызметінен кетеді.


Мәжит Шәріпов

ERNUR.KZ. Бұл туралы компания сайтында айтылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның басқарма төрағасы - директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқарады.