"Медбике өмірден озды": Балалар омбудсмені ШҚО-дағы балалар үйінде бүлдіршінді ұру дерегіне қатысты пікір білдірді

0
422

Әлеуметтік желіде тараған екі видеодан әйелдің балаларды ұрып-соққанын көруге болады.


ERNUR.KZ. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балалар үйінде медибикенің баланы ұрып-соққаны түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді. Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған екі видеодан әйелдің балаларды ұрып-соққанын көруге болады. Ол бүлдіршіндерді итеріп, ұрып, еденде сүйреткен. Видео авторының сөзінше, оқиға ШҚО-дағы мамандандырылған балалар үйінде болған.

Динара Закиеваның сөзінше, желідегі видео 2019 жылы түсірілген.

"Аталмыш факт бойынша сол жылы қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар, мейірбике теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Мейірбике өмірден озды", – деп жазды ол.