CanSino мен Sinovac компаниясы өндірген препараттың 2 млн дозадан құралған алғашқы партиясы осы аптада жетуі керек.
ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясынан ес жия алмай отырған Мексика билігі аймақта қытайлық вакцинаны қолданысқа енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазады 24.kz.
CanSino мен Sinovac компаниясы өндірген препараттың 2 млн дозадан құралған алғашқы партиясы осы аптада жетуі керек. Мамандар «қытайлық дәрінің тиімділігі оның бірақ рет егілетінінде» дейді.
Сонымен қатар вакцинаны суық жерде сақтаудың қажеті жоқ екен. Бүгінде Мексикада Sinovac-тан басқа Pfizer, AstraZeneca, Sputnik V вакциналары мақұлданған.
Жақын арада аймаққа AstraZeneca-ның да 500 мың дозасы жеткізіледі. Осы уақытқа дейін елдің 84 500 тұрғынына екпе егілді. Айта кетейік, пандемия басталғалы Мексикада 1 млн 900 мың адам ковидке шалдыққан. Олардың 169 мыңнан астамы көз жұмды.