Мектеп оқушысынан 717 мың теңге тұратын телефон ұрланды

0
749

Тергеушілер 36 жастағы ер адамды ұстады.


Мектеп оқушысынан 717 мың теңге тұратын телефон ұрланды

ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде № 24 автобуста 11-сынып оқушысының күртесінен Iphone XS ұрланды. Келтірілген шығын 717 мың теңгеге бағаланды, деп жазады Skifnews.kz.

Тергеушілер 36 жастағы ер адамды ұстады.

Сонымен қатар, 3 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті ұстады, ол 37 жастағы ақтөбелік тұрғынның күртешесінің қалтасынан жасырын әмиян ұрлады. Оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және 10 мың теңге болды. Келтірілген шығын 15 мың теңгені құрады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар тәркіленді.