Мектеп басшылығы ата-аналардан бір де бір тиын талап етуге құқығы жоқ,
ERNUR.KZ. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің ата-аналардан бір де бір тиын талап етуге құқығы жоқ, деп жазады altaynews.kz.
Соңғы уақытта мектептің жөндеу жұмысына, мұғалімдерге сыйлық алуға, қандай да бір мерекелік шараларды жасауға ата-аналардан ақша жинау әдетке айнала бастағаны белгілі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары айтқандай, енді мектеп тарапынан ақша жинауға қатысты әлдебір құқық бұзушылықты байқасаңыз, 241-199 номеріне хабар беріңіз.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
