«Мектепте балаларымызды бүрге талап жатыр»: Алматыда ата-аналар дабыл қақты

0
124

Олар Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шараларынан нәтиже жоқ дейді.


«Мектепте балаларымызды бүрге талап жатыр»: Алматыда ата-аналар дабыл қақты

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Желіде Алматы мектебінде оқушыларды бүрге шағып жатқаны туралы хабарлама тарады. Анонимді түрде жария болған хатта ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«№127 мектепте балалар бүргеге таланып жатыр. Олар күн сайын үсті-басы шағылған күйде үйге оралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке өтініш жібердік. Алайда, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар нәтиже бермей отыр. Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз және осы мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық тұлғаға хабарлап, жедел және тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз», - делінген хатта.

Желіде тараған видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсетті.