Мектептерге дзюдо үйірмелері енгізіледі

0
103

Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қабылданды.


Мектептерге дзюдо үйірмелері енгізіледі

Фото: moy-gorod.kz

ERNUR.KZ. Келер жылдан бастап Қазақстанның 217 мектебінде дзюдо секциялары ашылады, деп жазады inbusiness.kz.

Жоба аясында Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мектеп оқушыларына арналған арнайы жеңілдетілген оқу бағдарламасын ұсынған. Бағдарлама балалардың жас ерекшелігі мен қауіпсіздігін ескере отырып әзірленеді.

Алдағы 3 жыл ішінде дзюдо үйірмелерін ел бойынша мың мектепке дейін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ретте басымдық ауыл мектептеріне беріледі.

Сонымен қатар, бастама аясында дзюдо бапкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылмақ.