Мемлекет басшысы: 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды

0
233


Мемлекет басшысы: 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөйлеп жатыр, деп жазады Zakon.kz.


"Біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге баса назар аудардық, еліміз бойынша мыңдаған маңызды, ауқымы кең іс-шара өткізіліп жатыр. 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды. Елімізде қазақстандық майдангерлерге арналған "Батырларға тағзым" атты шеру өтеді. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысушылардың ұрпағы аталарының суреттерін көшелермен алып жүреді. Бүгінгідей жаһандық саясатқа агрессия мен қатыгездіктің жегі құрты дендеп енген кезеңде соғыстың қасіретін еліміздің барша азаматына түсіндіру аса маңызды".

Президенттің пікірінше, ақиқатты танымай бейбітшіліктің қадірін білу мүмкін емес.




"Соғыстың тарихи ақиқатын, Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды. Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық. "Жаным – арымның садағасы" деген өр намысты, айбарлы ел", - дейді Прзеидент.