Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.
Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.
Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.