Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында мұнай химиясы өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын – Indoramа корпорациясы басшыларының бірі Амит Лохиамен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сингапурда орналасқан Азиядағы жетекші химия өнеркәсібі холдингінің 32 елде 136-дан астам өндіріс алаңы бар. Сондай-ақ әлемдегі ең ірі компаниялардың – Forbes Global 2 000 тізіміне кіреді.
Президентке берілген мәлімет бойынша аталған компания Жамбыл облысындағы фосфор кен орны базасында толық циклді фосфор тыңайтқышы өндірісін ашу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп секторында минералды тыңайтқыштарды қолдану маңызды екенін атап өтіп, Indorama корпорациясын еліміздің аумағында химия өндірісін ашу үшін инвестиция салу перспективасын жан-жақты зерделеуге шақырды.