Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады

0
676

Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.


Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың есебін тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдай режимін қолдауға бағытталған шаралар жайында баяндалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.

Президент азаматтарымыздың құқығына құрметпен қарай отырып, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы министрге ішкі істер органдарындағы ақпараттық жүйені цифрландыру және жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.