Мемлекет басшысы ЛРТ құрылысы туралы: Амал жоқ

0
780

Қазақстан Президенті мұндай жобаның бастапқы кезден-ақ мақсатқа сай болмағандығын атап өтті.


Мемлекет басшысы ЛРТ құрылысы туралы: Амал жоқ

ERNUR.KZ. Астана ЛРТ құрылысының бірінші кезеңін аяқтаудың нақты мерзімін айқындау керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өтіп жатқан елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«ЛРТ ұзақтығы 22,5 шақырмды құрайды, 18 станса жоспарланған. Тыңдаңыздаршы, сіздер марафон жарысында 22 шақырымнан да көп жүгіресіздер. 18 станса, демек жолдың бір бөлігі бір шақырымнан сәл ғана асады. Біз жаяу одан да көп жүреміз», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мұндай жобаның бастапқы кезден-ақ мақсатқа сай болмағандығын атап өтті.

«Мұндай жобаны қалай жүзеге асыруға рұқсат берілгендігін мүлдем түсінбеймін. Үкімет пен әкімдікке ЛРТ бірінші кезеңін аяқтаудың нақты мерзімін, екінші кезеңін аяқтаудың кестесі мен тетіктерін анықтауды тапсырамын. Амал жоқ», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, Президент ЛРТ құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұған дейін ЛРТ-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.