Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

0
453

22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды.


Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.