Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
136

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.


Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

– Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.