Кеше Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
— Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану — зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, — делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, кеше Қазыбек Нөгербек 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған болатын.