Мемлекет басшысы туған күнін тойлаудан тағы бас тартты

0
503

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні.


Мемлекет басшысы туған күнін тойлаудан тағы бас тартты

ERNUR.KZ. 17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы бұл күнді қалай өткізуді жоспарлап отыр?

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту сұралған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.

"Президенттің принципті ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", – деп түсіндірді Берік Уәли.

17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.