Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

0
82

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны артып жатыр.


Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

– Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.