«Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында ел бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.
Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында ел бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.