Бүгін Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді,-деп хабарлайды 24.KZ.
фото: 24.KZ
Бүгін Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді,-деп хабарлайды 24.KZ.
Жиында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама қорытындыланды. Құжаттың өңірлерде іске асуы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Жақында біз Үкіметтің былтырғы жылы істеген шаруаларын тыңдадық. Барлық жағынан бәр саладан ол жұмыстардың барлығына жалпы алғанда оң баға бердік. Соныменен істелінбей жатқан шаруалардың барлығына тиісті тапсырмалар бердік. Ел болғанан кейін шаруалар көп болады. Алдымыздағы мақсаттар көп. Себебі біздің қойған ұлы мақсатымыз өте үлкен. Өркендеген өскен 30 елдің арасына кіру үшін талай шаруа жасауымыз керек. Оның алдында бірнеше кедергі бар. Жолда тұрған қиыншылықтар бар. Өткелдер бар. Оның барлығынан өтіп, бағдарламаларымызға тиісті өзгерістер енгізіп отыруымыз керек. Енді былтырғы жылы біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама қабылдадық. Қауіпсіздік деген мәселе тек қана әскери қауіпсіздік, ішкі саясат емес барлық жағынан. Барлық салада жасайтын шаруалар көп. Сондықтан қалай орындалып жатыр. Сол мәселемен бүгін жұмыс істейтін боламыз. Онан кейін осы салада бір облысты әрқашан тыңдаймыз дедік. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан шаруаның арқасында барлық облыстарға тиісті мәліметтер береміз. Не істеу керек екенін.