Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды

0
619

Мемлекет басшысы 13 сенатордың өкілеттігін тоқтатқан болатын.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды.