Білім министрі 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.
ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Министрлік мұғалім жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлейді.
Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалім тапшылығы мен білім беруде үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілген. Олар: Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары.
"Бұл өңірлерге жоғары оқу орнын бітірген ең үздік педагогтер тартылады. Оларға арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффициент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызмет төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылып жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай елде шетелдік бес жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын хабарлады.