Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатты бұзып, Қазақстанға тартып отырған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында мемлекетаралық іздеу жарияланған екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық ІІД қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Бұқар жырау аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторлары Үштау ауданында Ресей Федерациясының 44 жастағы азаматшасын қолға түсірді. Оған Башқұртстан Республикасы РФ Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабымен іздеу салынған. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатты бұзып, Қазақстанға тартып отырған. Ал Балқашта есірткі сақтады деген күдікке іліккен 34 жастағы ресейлік ұсталды.