Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қабылданды. Мәселен, аумақтарда тіркелген компанияларға 2% үстемақы беру көзделген.
ERNUR.KZ. Рейтингтік-балдық жүйе бойынша былтырдан бері құрылыс, жобалау және техникалық жобалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпаз 5 күнде анықталады. Конкурстық комиссия болмайды, сондықтан жеңімпаздар белгілі бір талаптарға сай іріктеледі. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің айтуынша, осы талаптар ішінде әлеуетті өнім берушінің төлеген салықтары, оның аумақта тіркелген туралы ақпарат, жыл сайынға аудиттік қорытындылары бар.
«Рейтингтік-балдық жүйенің басты жаңашылдығы – оның қорытындыларына ешқандай шағымдар түспейді. Себебі, бұл – автоматтандырылған жүйе, онда ЖИ элементтері бар. Мысал келтіретін болсам, рейтингтік-балдық жүйе бойынша Астана қаласындағы №3 ауруханада күрделі жөндеу жүргізілді. Капитал көлемі – 1,8 млрд теңге. Бұл сатып алудың қорытындысы 6 күнде шақты. Тапсырыс беруші 19 ақпанда конкурсқа қатысуға өтінім берді. 24 ақпанда конкурстың қорытындылары шыққан. Атап өтетін жайт, жеңімпаз – Астана қаласында тіркелген мердігер компания», – деді вице-министр ОКҚ алаңында.
Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге 50% мөлшеріндегі міндетті аванс төлеу, қамтамасыз етудің барлық түрінен босату; тауарды жеткізу мерзімін 60 күнге дейін ұзарту; жеткізілген тауарға төлеу мерзімін 10 күнге дейін қысқарту сынды жеңілдіктер көзделіп отыр. Аталған шаралар отандық өнім берушілермен жасалған шарттардың өсуіне алып келді.
Құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Заңмен «толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт» (EPC және EPC-F) тетіктері енгізілді.


